Қатысушыларға арналған ережелер
Көрмені ұйымдастырушы ретінде Iteca компаниясы, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі (COVID-19) жағдайында ұйымдастыратын көрменің қауіпсіздігіне үлкен мән береді. Осыған байланысты біз көрме іс-шараларының қатысушылары үшін қауіпсіздік стандарттары тұрғысы ережелерін дайындадық.
КӨРМЕ АЛДЫНДА
- Көрме барысында тыныс алу органдарын қорғау жеке құралдары (маскалар, респираторлар) болуы керек, себебі көрме аумағына маскасыз кіруге тыйым салынады.
- Өзіңіз және жұмысшыларыңыз үшін қолды дезинфекция құралдар мен тыныс алу органдарын қорғауға арналған жеке құралдар (маскалар, респираторлар) болуы керек, өйткені олар жұмыс ауысымының ұзақтығына байланысты ауыстырылуы қажет (кем дегенде 2 сағатта бір рет).
- Көрмеге кіру процедурасын жеделдету үшін сіз келушілерге / клиенттерге көрмеге келер алдында тіркелу үшін промокодты жіберіңіз. Промокодты көрме менеджерінен сұраңыз.
СТЕНДТІ САЛУ МЕН ДИЗАЙН
- Стендті жобалау кезінде санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау және әлеуметтік арақашықтыққа назар аударыңыз. Мысалы, стендтегі минималды қызметкерлер санының жұмысын қамтамасыз ету, презентация мен келіссөздер аймақтарын оңтайландыру және т.б.
- Стендте (келушілер кіру/шығу және ықтимал жерлерінде) қолды антисептикпен өңдеуге арналған орындармен қамтамасыз етіңіз.
- Стенд құрылысына жұмысшылардың минималды санын іске қосыңыз.
- Физикалық байланыстарды азайту үшін қол құралдарын жұмысшылар бір-біріне бермеуі керек.
- Стендтің қабырғаларында теледидар экрандарын қолданып, ассортиментті виртуалды көрсетілімін өткізуге кеңес береміз.
- Стендтің дизайнында үстелдердің, тіркеулер, стеллаждардың орналасу арақашықтығын сақтауды ескере отырып (кем дегенде 2 метр), сондай-ақ стендке тиісті белгілер мен шекара орнатумен бөлек кіру және шығуды ойластырыңыз.
- Стендте бір уақытта қатысушылар, келушілер және басқа адамдардың санын есептеу, оларды орналастыру / отырғызу 4 шаршы метрге 1 адам есебінен жүзеге асырылады.
СТЕНДТЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ
- Сіздің стендіңізде келушілер мен қызметкерлер санын басқара алатындай етіп жасауды ұсынылады. Әлеуметтік арақашықтықты бақылау үшін едендік белгілер мен жазуларды қолданыңыз.
- Стендтің өлшеміне сәйкес қойылатын экспонаттарды мұқият таңдап алыңыз. Мысалы, келушілердің дәлізіне қарайтын экспонаттарға келушілер дұрыс назар аударады және стендтегі кептелісті азайтады.
- Мүмкіндігінше клиенттермен алдын-ала жоспарланған кездесулер кестесін құруды ұсынамыз.
СТЕНДТЕГІ ГИГИЕНАСЫ
- Қатысушылар өз стендтерінде санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына жауап береді. Қызметкерлеріңіз бен қонақтарыңыз қолдануы үшін қол дезинфекциясын орнатыңыз.
- Стендтағы беттерін дезинфекциялауды әр 2 сағат сайын ұйымдастырыңыз.
- Көрменің әр күні басталмас бұрын, стендте қызметкерлер тұратын жерлерін және жалпы пайдалану орындарын дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы тазалау қажет.
- Контактілі беттерді желдету және дезинфекциялау үшін стендте таныстырылым сессиялар арасындағы уақытты кем дегенде 15 минутты қоюды ұсынамыз.
- Стендте қызметкерлеріңіз бен іс-шараға келушілердің пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын жинап полиэтилен пакеттерге салып, кейін тұрмыстық қалдықтар ретінде жою қажет.
ӨНІМДІ ДЕМОНСТРАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ТАҒАМДАР
- Өнімдерді демонстрациялау көп көрушілердың пайда болу қаупін тудыратындықтан, көрмеге қойылатын өнімдердің санын шектеп, әлеуметтік дистанция ережелерін сақтай отырып, тек басымдық өнімдер үшін жасау ұсынылады.
- Егер келушілерге арналған тағамдар болса, алдын ала оралған тағамдарды таңдаңыз.
- Cтендте сусындар ұсынбауыңызды сұраймыз. Егер болса, бөтелкедегі кішкене сусындарды қолдануды ұсынамыз.
СУВЕНИРЛЕР ЖӘНЕ БАСПА МАТЕРИАЛДАР
- Сувенирлерды таратуға шектеу, сондай-ақ басып шығарылған брошюралар мен каталогтарды виртуалды тасымалдаушылармен ауыстыруды қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.