15-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

«ЖАСЫЛ ИННОВАЦИЯЛАРҒА» ҰМТЫЛУ: АСТАНАДА 13-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ ASTANA MINING & METALLURGY – АММ 2023 БАСТАЛДЫ

БҮГІН 1 МАУСЫМДА ASTANA MINING & METALLURGY 13-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ - AMM 2023 ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.  

amm23 photo 14

Жыл сайынғы дәстүр бойынша АММ Конгресі мемлекеттік органдардың, ұлттық және халықаралық компаниялардың, инвестициялық қорлардың, салалық сарапшылардың және ірі ТМК кәсіпорындарының басшыларының кездесу және кәсіби коммуникациялар орнына айналды. 2023 жылы Конгреске әлемнің 23 елінен 1200-ден астам делегат қатысады (Әзірбайжан, Бельгия, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Грузия, Дания, Үндістан, Қазақстан, Канада, Қытай, Люксембург, БАӘ, Ресей, Словакия, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония), бұл Конгреске деген жаһандық қызығушылықты және оның елдің тау-кен металлургия саласын дамытудағы маңыздылығын көрсетеді. 

amm23 photo 36

Конгресс жұмысының бірінші күні техникалық блок мәселелерін талқылауға арналды. Конгресс бағдарламасын IV Көмір форумы ашты, ол жыл сайын ТМКҚ серіктестігімен өтеді. Сарапшылар жаңа энергетикалық парадигма жағдайында көмір саласын дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Модераторы «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ Атқарушы директоры Радостовец Н.В. болды. Форумға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі И. Ш. Шархан, ҚР Энергетика Вице-министрі Ж. Д. Нұрмағанбетов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Т. З. Жаркенов, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің отын-энергетикалық кешені департаменті директорының орынбасары К. М. Асамбеков және ірі ТМК компанияларының көмір бөлімшелерінің басшылары қатысты. Шархан И. Ш. өз сөзінде: «Халық пен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге, энергетикалық және өнеркәсіптік секторға көмір өндіруді 30-ға жуық компания жүзеге асырады. Сала 30 мыңға жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда ҚР Үкіметі 8 жобаны іске асыруды және өндіру көлемін ұлғайтуды көздейтін отын-энергетика кешенін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті. Еліміздің көмір әлеуетін пайдалану тиімділігіне бағытталған және таяу болашақта көмір өнеркәсібін дамытудың басым бағыты болатын көптеген қосымша шаралар мен жобалар қабылдануда». 

Сонымен қатар, бейресми достық жағдайда ТМК-компаниялардың коммуникация қызметтерінің өкілдерімен PR-таңғы асы өтті, онда стратегиялық және корпоративтік коммуникациялардың компаниялар ішіндегі өзгерістерге әсері, БАҚ-пен тиімді диалог құру мәселелері көтерілді. Конгресстің жаңа аймағында – Амфитеатрда – табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы қазақстандық-канадалық ынтымақтастығы бойынша үлкен сессия өтті. 

amm23 photo 02

ТМКҚ «Кадрлар және әлеуметтік жауапкершілік» атты екі Дөңгелек үстел өткізді, онда компанияның негізгі ресурсының призмасы арқылы кадрлық мәселелер қаралды, оның спикерлерінің бірі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші Вице-министрі А. А. Сарбасов «Экологияның өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша сөз сөйледі, оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Оспанов И. Е. қатысты.  

Арнайы GR мамандары үшін экологиялық және әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлерді өсу нүктелері ретінде пайдалану, оларды тәуекелдерден даму мүмкіндіктеріне айналдыру туралы сессия өтті. Алғаш рет тау-кен металлургия саласы ардагерлерінің маңыздылығы мен тәжірибесін атап өтетін ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Мамандандырылған сессия аясында тау-кен металлургия кешенінің көрнекті өкілдері, саланың еңбек сіңірген ардагерлері өздерінің жас ұрпақпен жемісті жұмысының құнды құпиялары мен жинақталған көп жылдық тәжірибелерімен бөлісті. 

amm23 photo 30

Сондай-ақ, Конгресстің бірінші күніндегі бағдарламаның контентіне ТМК-дағы заңнаманы жетілдіру, тау-кен ісі және геология бойынша сессиялар, жерасты тау-кен жұмыстарын цифрландыру бойынша сессия және ТМК-дағы инновациялар бойынша АММ Tech кірді. 

«Мемлекеттік қолдау құралдары есебінен ТМК-да Индустрия 4.0 элементтерін тиімді енгізу» сессиясы шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ қаржыландыру және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу (Өндірістік процестерді цифрландыру және автоматтандыру) бойынша міндеттемелері шеңберінде мемлекеттік қолдау тетігін дамыту перспективалары талқыланды. 

Сол жерде Hilton Astana-да Қазақстан, Қытай, Ресей, Америка Құрама Штаттары, Швейцария, Франция, Жапония сияқты 7 елден 36 компания тау-кен өндіру және металлургия кәсіпорындарынан өздерінің инновациялық ұсыныстарын ұсынды. Қатысушылардың жалпы құрамынан 72% (26 экспонент компания) – отандық компаниялар, 10 компания-халықаралық қатысушылар. Көрме жаңартылған форматта өтуде, көрме стендтерінің жаңа орналасуы, сондай-ақ экспозиция алаңының ұлғаюы ерекше болды. Қатысушылар арасында Kazzinc, KAZ Minerals, Micromine, LNDC, Hikvision, Swiss Tower Mills Minerals AG, SGS Kazakhstan және басқа да компаниялар бар. Алғаш рет Borkit Safety, Grintec Magotteaux Ceramic Technology Co., KazRemma Service, Metso, Rajant Corporation, Байсал Групп, Корпорация Красный октябрь және басқалары стендтерімен дебют жасайды.  

amm23 photo 05

Іс-шараны қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі Ica Events компаниялар тобы ұйымдастырды. 

Мемлекеттік әріптес: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. 

Ресми қолдаушылар: Астана қаласының әкімдігі, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (ТМКҚ), Бағалы металдарды өндірушілердің республикалық қауымдастығы, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, Visit Astana. 

  • -де жасалған