15-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҰНАЙЫ

2024 ЖЫЛДЫҢ 6–7 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА, HILTON ASTANA ҚОНАҚ ҮЙІНДЕ 14-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ASTANA MINING & METALLURGY – AMM 2024 КОНГРЕСІ ЖӘНЕ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.  ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АММ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ САЛАНЫҢ ЖЕТЕКШІ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ БІРІ БОЛЫП САНАЛАДЫ, ОНДА САЛАЛЫҚ МИНИСТРЛІКТЕР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ, ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН ӘЛЕМДІК САРАПШЫЛАР ТМК-НЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ПІКІР АЛМАСУ ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН МЫҚТЫ СЕРІКТЕСТІК ҚҰРУ ҮШІН ЖИНАЛАДЫ.

2024 жылғы көрме экспозициясы

AMM 2024 дәстүрлі түрде Конгресс пен ТМК технологиялық шешімдерінің көрмесі ретінде ұсынылады.

2023 жылы көрменің экспозициясына 2 239 бірегей келуші қатысты, оның ішінде 1 497 Конгресс делегаты, ал көрменің экспоненттерінің ішінде 7 елден 36 компания болды. Осы сәтті нәтижелерді ескере отырып, АММ 2024 көрмесі аймақта және одан тыс жерлерде тау-кен металлургия секторының тұрақты дамуы мен өркендеуін қолдауға бағытталған озық тәжірибелермен, инновациялық идеялармен және стратегиялармен бөлісу үшін ауқымды бірегей салалық алаң болуға уәде береді. Екі күн ішінде экспоненттер өз қызметтерімен таныстырып, тәжірибе алмасып, мемлекеттік сектор өкілдерімен және Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушыларының көпшілігімен сапалы іскерлік байланыс орнатып, B2B, B2G кездесулер форматында нетворкинг жасайды.

Бүгінгі таңда Eurasian Resourses Group (ERG), KAZ Minerals, Polymetal, LNDC KAZAKHSTAN, ИнПроТех, Кселл өз қатысуларын растады. Дебютант компаниялардың қатарына Derrick Corporation, Линде Газ Казахстан, WARTER POLYMERS SP. Z O.O. сияқты компаниялар кіреді.

АММ  2024 конгресі

2024 жылы конгресстің негізгі тақырыбы болып бүгінгі күні өзекті: «Металдар дәуірі - сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбы таңдалды. Республикамызда сирек және жерде сирек кездесетін металдардың 40-қа жуық түрі біздің бірнеше кен орындарымызда бар екені белгілі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде сирек кездесетін металдарға әлемдік сұранысты атап өтіп, Қазақстанның металдарды бірлесіп өндіру және қайта өңдеу перспективалары туралы айтты. «Жаңа мұнайға» айналған сирек және жерде сирек кездесетін металл кеніштерін игеру басты бағыттың бірі болуы керек. Өзінің осы саладағы әлеуетін аша алған елдер келешекте бүкіл әлемнің технологиялық даму бағдарын айқындайтын болады», -  деп атап өтті Президент. ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осы саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын дайындады. Мемлекеттік бюджеттен кен орындарын игеру, кен өндіру және металл өндіру үшін 11,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланып отыр, бұл саланы ел экономикасында аса маңызды екендігін білдіреді. Бұл Конгресс үшін таңдалған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Сондай ақ, АММ 2024 бағдарламасына келесі тақырыптар бойынша сессиялар кіреді:

  • «Қазақстандық және әлемдік ТМК үшін трендтер мен өзекті сын-қатерлер: геологиялық барлау, цифрлық трансформация, сирек жер металдары»
  • «ТМК цифрлық даму стратегиясын құру: геологиялық қорларды цифрландыру және зауыттарды жаңғырту»
  • «Күрделі шикізат минералдары – стратегиялық активтер: болашақ минералдарын зерттеу»

АММ конгресі салааралық инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді, жаңа келісімшарттар жасасуға және қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап беретін бірлескен шешімдер әзірлеуге ықпал етеді.

«Алтын Гефест» ұлттық конкурсы

6 маусымда тау-кен металлургиясының үздік мамандары бірден 14 номинация бойынша құрметті марапаттарға ие болады. 2024 жылғы конкурста салалық мамандықтарды одан әрі танымал етуге бағытталған маңызды жаңа еңгізілімдер күтілуде. Жаңалықтың тағы бірі - ол бірқатар номинациялар бойынша жүлделі сыйақылардың өсуі, сондай-ақ Амфитеатр аймағында «Алтын Гефест» конкурсының жеңімпаздары мен номинанттары өздерінің табысқа жету құпиясын ашып, жас ұрпаққа практикалық кеңестер беретін және өз мамандықтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектескен тәжірибелерімен бөлісетін сессия өтеді. Конкурстың бас серіктесі дәстүрлі түрде – Eurasian Resources Group (ERG).

ITECA.EVENTS пен жаңа мүмкіндктер

Биылғы жылдың жаңалығы ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру. Қосымша жасанды интеллект, кездесулерді тағайындау, лидтерді жинау және ең өзекті ақпаратты оңтайлы пайдалану мүмкіндіктері мен байланыс алмасуды жақсарту үшін озық алгоритмдер арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.

Ресми қолдау

Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Мемлекеттік серіктесі: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Іс-шараға Астана қаласының әкімдігі, Бағалы металдарды өндірушілердің Республикалық Қауымдастығы, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Республикалық Қауымдастығы (ТМКҚ), «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, Visit Nursultan ресми қолдау көрсетеді.

Алтын Серіктестері: ERG, Kaz Minerals, Polymetal. Қола Серіктестері - Linde Gas Kazakhstan, Metso

Толығырақ ақпарат іс-шара сайтында: www.amm.kz

  • -де жасалған