БОЛАШАҚТЫҢ МЕТАЛДАРЫ: АММ 2024-АСТАНАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН СЫН-ҚАТЕРЛЕР КЕЗДЕСУІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ БІРІ - 14-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ASTANA MINING & METALLURGY – AMM 2024 КОНГРЕСІ 6-7 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ. 2024 ЖЫЛҒЫ КОНГРЕССТІҢ БАСТЫ ТАҚЫРЫБЫ «МЕТАЛДАР ДӘУІРІ - СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ШЕШІМДЕР» БОЛАДЫ, ОЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ЖАҢА МҰНАЙҒА» ЖӘНЕ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ САЛАСЫНА АЙНАЛҒАН СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН КӨРСЕТЕДІ.
Дәстүр бойынша, АММ 2024 Конгресс пен ТМК секторының озық өндірушілерінің бірегей әзірлемелері мен ұсыныстарының көрмесімен ұсынылған. 2024 жылғы экспозицияны 12 елден - Швейцария, Қытай, Қазақстан, Ресей, Кипр, АҚШ, Польша, Финляндия, Германия, Жапония, Франция, Түркиядан 41 компания ұсынады. Көрменің дебютанттары ретінде өз өнімдерін: AV Group, Alef Trade, Геобругг, Derrick Corporation, Евразия Техмашинери, Лабвэа, Magotteaux S.A., Миаком Спб, Mount Sopris, Netcad Yazilim A.Ş, Новомэк, Satbayev University, Warter Polymers Ltd., Feluwa Pumpen Gmbh, Холдинг Кабельный Альянс таныстырады.
350 ш.м. астам аумақты алып жатқан экспозицияның ұлғайтылған алаңында тауарлар мен қызметтердің кең спектрі ұсынылады: озық технологиялар мен жабдықтар, тау-кен металлургиясы саласына арналған химиялық өнімдер, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік шешімдері, геологиялық зерттеулер, инжинирингтік қызметтер және инновациялық әзірлемелер. Қатысушылар арасында өнеркәсіп үшін өзекті және сұранысқа ие шешімдерді ұсынатын әртүрлі салалардағы негізгі ойыншылар бар.
2024 жылы мамандандырылған сессияларға әлемнің 20 елінен - Қазақстан, Дания, БАӘ, Германия, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Франция, Австралия, Моңғолия, Канада, Үндістан, Швейцария, Қытай, Ресей, АҚШ, Польша, Финляндия, Жапония, Түркия, Бельгиядан 977 делегат қатысады.
Конгресстің екі күндік іскерлік бағдарламасы аясында тау-кен металлургия өнеркәсібін дамытуға және саладағы технологиялық шешімдерге байланысты көптеген мәселелер қаралады. Конгресс жұмысының бірінші күнінде «Металдар дәуірі - сын-қатерлер мен шешімдер» атты Пленарлық отырыс өтеді. Спикерлер қатарында – кен және металдарды стратегиялық жеткізу жөніндегі ведомствоаралық делегат Бенджамен Галлезот; CRIRSCO Президенті Гарт Кирхэм; «Еуразиялық Топ» ЖШС Бас директоры Серік Шахажанов; «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев; Orano mining Президенті, Orano тобының тау-кен бизнес бөлімшесінің аға атқарушы вице-президенті, топтың Атқарушы комитетінің мүшесі Кзавье Сан Мартан Тий; Hatch компаниясының жаһандық басқарушы директоры Тина Армстронг; Еуропалық комиссияның бас директорының бас кеңесшісі Генрик Хололей болады. Конгресс жұмысының екінші күні тау-кен металлургия жұмыстарын цифрландыруды талқылауға арналған техникалық сессияларға толығымен арналады.
6 маусым күні БАҚ үшін баспасөз-таңғы асы өтеді, онда Қазақстанның негізгі және салалық БАҚ өкілдері маңызды мәселелерді қарайды және министрліктердің, ұлттық компаниялардың және ірі ТМК ұйымдарының баспасөз қызметтерімен тәжірибе бөліседі. Сондай-ақ, «Сыни шикізат минералдары - стратегиялық активтер: болашақ минералдарын зерттеу» және «Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру ережелері: ойын ережелері қалай өзгереді» атты тақырыптарында Стратегиялық сессиялар өтеді. Қазақстандық және Еуропалық бизнес өкілдері «Қазақстан мен Еуроодақтың сыни минералдар саласындағы серіктестігі» атты Бизнес-форумында сыни минералдар саласындағы тәжірибені, әлеуетті және жаңа технологияларды диалогтық форматта талқылайды. Амфитеатр аймағында «Байыту және қайта өңдеу - байыту фабрикаларын цифрландыру» атты Панельдік сессиясында спикерлердің баяндамалары өтеді. Кейс-сессияда Канадалық және Қазақстандық компаниялар ТМК үшін өз әзірлемелерін таныстырады.
7 маусым күні дәстүрлі түрде ДРАГМЕТ және Polymetal қауымдастығының қолдауымен Конгресс аясында V Қазақстан Алтын өнеркәсібінің форумы өтеді. Сондай-ақ, жыл сайын ТМКҚ серіктестігімен V көмір форумы өтеді. Екінші күннің контенттік бөлігіне келесі тақырыптар бойынша Панельдік сессиялар кіреді: «Ашық және жерасты тау-кен жұмыстарын цифрландыру» және «Цифрлық ортада болжау: жасанды интеллект негізінде онжылдықтың мәселелерін қалай болжауға және шешуге болады». Амфитеатр аймағында «Алтын Гефест» салалық конкурсының жеңімпаздары конкурсқа қатысудағы табысты тәжірибелерімен бөліседі. Арнайы PR мамандары үшін тренинг өтеді, PR-дағы жаңа бағытты талқылайды. GR meet-up мемлекеттік сектор өкілдерімен және Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушыларының көпшілігімен сапалы іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
АММ 2024 конгресі аймақта да, одан тыс жерлерде де тау-кен металлургия секторының тұрақты дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін озық тәжірибелермен, инновациялық идеялармен және стратегиялармен алмасу үшін бірегей платформа болады.
Жыл сайынғы Республикалық маңызы бар «Алтын Гефест» салалық конкурсы 6 маусымда өтеді, онда лауреаттар өз үлестері үшін лайықты құрметке ие болады және 15 номинация бойынша марапатталады. Конкурс Бас әріптес - ERG (Еуразиялық Топ) қолдауымен ұйымдастырылды.
Мемлекеттік серіктесі: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Алтын Серіктестері: ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТОП (ERG), KAZ Minerals, Kazakhmys, Polymetal, ACF PIT. Күміс Серіктесі - Kazzinc. Қола Серіктестері - Hatch, Linde Gas Kazakhstan, Metso, SGS Kazakhstan.
- -де жасалған