15-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

14-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ «ASTANA MINING & METALLURGY» - АММ 2024 КОНГРЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2024 ЖЫЛДЫҢ 6-7 МАУСЫМЫНДА «HILTON ASTANA» ҚОНАҚ ҮЙІНДЕ (АСТАНА, ҚАЗАҚСТАН) 14-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ - КЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ «ASTANA MINING & METALLURGY» –АММ 2024 КОНГРЕСІ ӨТТІ, ОҒАН 2 044 САЛА КӨШБАСШЫСЫ ҚАТЫСТЫ. 

AMM24 0075

Биылғы Конгресстің басты тақырыбы – «Металдар дәуірі – сын-тегеуріндер мен шешімдер», іс-шараның лейтмотивін таңдау Қазақстанның «жаңа мұнайға» және ел экономикасының маңызды саласына айналған сирек жер металдарын өндіру мен қайта өңдеудегі перспективаларын көрсетеді. Конгресс жұмысының екі күнінде Пленарлық отырыс, 3 негізгі форум, 18 арнайы сессия және 291 b2b, b2g кездесу өтті. АММ көрмесінің экспоненттері Германия, Қазақстан, Қытай, Кипр, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Жапония сияқты 12 елден 41 компания болды. 350 шаршы метрден асатын кеңейтілген көрме алаңында тау-кен металлургия саласына арналған озық технологиялық шешімдер мен жабдықтарды қоса алғанда, тауарлар мен қызметтердің кең ассортименті ұсынылды. Өз стендтерінде экспоненттер озық технологиялар мен жабдықтарды, тау-кен металлургиясы саласына арналған химиялық өнімдерді, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік шешімдерін, геологиялық зерттеулерді, инжинирингтік қызметтерді және инновациялық әзірлемелерді ұсынды. Қатысушылар арасында өнеркәсіп үшін өзекті және сұранысқа ие шешімдерді ұсынатын әртүрлі салалардағы негізгі ойыншылар бар. Көрмеде алғаш рет өз өнімдерін көрсеткендер: AV Group, Alef Trade, Геобругг, Derrick Corporation, Евразия Техмашинери, Лабвэа, Magotteaux S.A., Миаком Спб, Mount Sopris, Netcad Yazilim A.Ş, Новомэк, Satbayev University, Warter Polymers Ltd., Feluwa Pumpen Gmbh және Холдинг Кабельный Альянс.

Пленарлық отырысқа және көрме бойынша таныстыру турына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ. Шарлапаев қатысты. Министр көрмеге қойылған компаниялардың ESG-қағидаттарына: экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқаруға бағытталғанын атап өтті. Олардың көпшілігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға үлкен қолдау көрсетті және көрсетуді жалғастыруда. «ТМК саласы 12 трлн теңге өнім өндіре отырып, елдің ЖІӨ-нің    10%-ын алады. ТМК компаниялары шамамен 195 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді және бұл өнеркәсіп қызметкерлері санының үштен біріне жуығы (31%). Қазақстан жаһандық өндіріс тізбегіндегі сыни шикізат материалдарының тұрақты жеткізушісі болып саналады. Ресми деңгейде ЕО, Ұлыбритания, АҚШ, Франция және Кореядан келген тұтынушы елдермен серіктестік орнатылды. Бұл өндірістер отандық құзыреттерге негізделгенін мақтанышпен айтқым келеді! Біздің мақсатымыз – литий-ионды аккумуляторларға арналған прекурсорлардың барлық түрлерін өндіруді қамтамасыз ету», - деп атап өтті Министр өз сөзінде.

Сондай-ақ, Пленарлық отырыстың спикерлері ретінде Франция Премьер-министрінің кеңсесі, Кен мен металдардың стратегиялық жеткізілімдері бойынша ведомствоаралық делегат  Бенжамен Галлезот; CRIRSCO Президенті Гарт Кирхэм; «Еуразиялық Топ» ЖШС Бас директоры Серік Шахажанов; «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов; Hatch жаһандық басқарушы директоры Тина Армстронг сөз сөйледі.

АММ 2024 негізгі сәттері келесі оқиғалар болды:

  • Қ. Шарлапаев басқа елдердің қатысушы-делегаттарымен, соның ішінде Германияның минералды ресурстар агенттігінің (DERA) басшысы Питер Бухгольцпен; Еуропалық комиссияның Бас директорының Бас кеңесшісі Генрик Хололеймен, Еуропалық шикізат Альянсының (ERMA) басшысы және еуропалық инновациялар және технологиялар институтының (eit Raw Materials) Бас директоры Бернд Шефердің қатысуымен; «CRIRSCO» төрағасымен, Канадалық тау-кен институтының (CIM) директоры Гарт Кирхэммен; «Hatch» жаһандық басқарушы директоры Тина Армстронгпен; «JOGMEC» компаниясының өкілдері және «Taza MetalTechnologies» құрылтайшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
  • Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қ.Шарлапаев «BGS» және «CERCAMS» Британдық компанияларының басшыларымен, Сауд Арабиясы Геологиялық қызметінің бас атқарушы директоры Абдулла әл-Шамранимен кездесті.
  • ERG отандық жеті тауар өндірушімен 20 млрд теңгеден астам сомаға он офтейк-келісімшартқа қол қойды.
  • ИТП ДКҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылған Demo Day аясында үздік 15 технологиялық стартаптың таныстырылымы.
  • ҚР күрделі шикізат минералдары мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Әл-Фараби Ыдырышев пен Еуропалық инновациялар және технологиялар институтының (Германия) Бас директоры Бернд Шефер арасындағы ERMA-ға ұлттық технологиялық болжау орталығын қосу туралы Меморандумға қол қою.

Сондай-ақ, Конгресс бағдарламасында: «Күрделі шикізат минералдары – стратегиялық активтер: болашақтың минералдарын зерттеу» атты  Стратегиялық сессиясы, «Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру ережелері: ойын ережелері қалай өзгереді» атты Стратегиялық сессиясы, «Қазақстан мен Еуроодақтың күрделі минералдар саласындағы әріптестігі» бизнес-форумы, «Байыту және қайта өңдеу – байыту фабрикаларын цифрландыру» атты Панельдік сессиясы, баспасөз-таңғы ас, кейс сессия: ТМК үшін Канадалық және Қазақстандық әзірлемелердің таныстырылымы; «ESG және орнықты даму стратегиялары» сессиясы; «Дүниежүзілік Банктің тау-кен секторының диагностикасы: тұрақты пайда үшін реформаларды іске асыру» атты Сараптамалық презентациясы, V көмір форумы, V Қазақстан Алтын өндірушілер форумы, PR-тренинг және GR meet-up болды.

Дәстүр бойынша АММ аясында жыл сайынғы «Алтын Гефест» салалық конкурсы өтті, онда құзыретті тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен тау-кен-металлургия секторындағы үздік өкілдер кәсіби еңбегі үшін марапатталды. Конкурс 15 номинация бойынша өткізілді. 2024 жылы қазылар алқасы 215 өтінімді қарады.

Іс-шараны Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырды.

Мемлекеттік серіктесі: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Алтын Серіктестері: Eurasian Resources Group (ERG), KAZ Minerals, Kazakhmys, Polymetal, ACF PIT. Күміс Серіктесі - Kazzinc. Қола Серіктестері - Hatch, Linde Gas Kazakhstan, Metso, SGS Kazakhstan.

Ресми қолдау: Астана қаласының әкімдігі, «Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» (ТМКҚ), Бағалы металдарды өндірушілердің Республикалық Қауымдастығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, Visit Astana.

  • -де жасалған